Головкин - Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші жартысындағы 10 ең үздік кездесудің тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин - Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші жартысындағы 10 ең үздік кездесудің тізіміне енді

31.03.2015
Головкин - Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші жартысындағы 10 ең үздік кездесудің тізіміне енді

Американың BleacherReport.com сайты 2015 жылдың бірінші жартысындағы үздік бокс жекпе-жегінің ондығын тізіп шықты.

BleacherReport.com сайтының тізімі бойынша Кит Турман пен Роберт Герреро арасындағы жекпе-жек ең үздік деп танылған. Сонымен қатар, отандасымыз Геннадий Головкиннің британиялық Мартин Мюррейге қарсы өткізген жекпе-жегі тізімнің алтыншы орнынан көрінді.

2015 жылдың бірінші жартысындағы үздік жекпе-жектер. ТОП-10 тізімі.

1. Кит Турман - Роберт Герреро

2. Крис Юбенк (кіші) - Дмитрий Чудинов

3. Артур Абрахам - Пауль Смит

4. Карл Фрамптон - Крис Авалос

5. Сергей Ковалев - Жан Паскаль

6. Геннадий Головкин - Мартин Мюррей

7. Жермелл Чарло - Ванес Мартиросян

8. Деонтей Уайлдер - Стиверн Бермейн

9. Вилли Монро (кіші) - Брайан Вера

10. Тайсон Фьюри - Кристиан Хаммер

Еске сала кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин британиялық боксшы Мартин Мюррейді 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен.

Хабарламаларға жазылу