Головкин мен Чавес 2015 жылдың шілде айында жұдырықтасуы мүмкін – Том Леффлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Чавес 2015 жылдың шілде айында жұдырықтасуы мүмкін – Том Леффлер

20.10.2014
Головкин мен Чавес 2015 жылдың шілде айында жұдырықтасуы мүмкін – Том Леффлер

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы Хулио Сезар кіші Чавеспен 2015 жылдың 19-шілдесінде кездесу мүмкін, деп мәлімдеді.

«Біз жекпе-жек өткізуге әрқашан дайынбыз. Ол 19 шілде күні өтетін шара кезінде ұйымдастырылуы мүмкін. Егер олар жұдырықтасатын болса, онда ол Головкиннің pay-per-view жүйесімен көрсетілетін алғашқы жекпе-жегі болады. Біз бұл жекпе-жек шілдеде өткенін қалаймыз. Алайда, біз Чавесті Головкинге қарсы шаршы алаңға шығуға мәжбүрлей алмаймыз», деп келтіреді Леффлердің сөзін Boxing Scene.

Том Леффлердің айтуынша Геннадий Головкин 2015 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлауда. Олардың алғашқысы Монакода өтеді. Бұл кездесудегі негізгі қарсылас ретінде ұлыбританиялық Мартин Мюррей (28-1-1, 12 КО) айтылып отыр.

Еске сала кетейік, 19-шы қазанда Геннадий Головкин АҚШ-та мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалып, осы салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы атанды. Бұл 32 жастағы жерлесіміздің 2014 жылдағы үшінші, ал кәсіпқой 31-ші жекпе-жегі болды. Ол барлығында жеңіске жетті (28 нокаут, қатарынан 18 нокаут).

Фото: insidehboboxing.com

Хабарламаларға жазылу