Г.Головкин-Д.Джейкобс жекпе-жегінің промо-ролигі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Г.Головкин-Д.Джейкобс жекпе-жегінің промо-ролигі жарық көрді

24.12.2016
Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Даниэл Джейкобс арасында болатын жекпе-жектің көптен күткен промо-ролигі шықты.

Головкин мен Джейкобс 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында жұдырықтасады.
Жекпе-жек желтоқсанның 10-ы күні өтуі тиіс еді. Алайда, екі жақ қаржылық мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алмады.

Г.Головкин-Д.Джейкобс жекпе-жегі - 2017 жылдағы ең маңызды спорттық шаралардың бірі болмақ. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу