Әлем чемпионаты. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 3-ші орында келеді
Жарысқа Қазақстан атынан тек Денис Тен қатысуда. Талантты спортшыларымыз Абзал Рақымғалиев және жұптық билеу жарысында сынға түсетін Ілияс Әли мен Карина Узурова іріктеуден өтпей қалған еді.
Бүгін ерлер арасында қысқа бағдарлама сайысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 85,89 ұпай жинаған Денис Тен 3-ші орын иеленді. Ал, бүгінгі жарыс күнінен кейін бірінші орында жапониялық Юдзуру Ханю (95,20 ұпай) тұр. Қысқа бағдарламадан кейін 92,74 ұпай жинаған испаниялық Хавьер Эрнандес әзірге 2-ші келеді.
Айта кетейік, ертең, 28 наурызда, Әлем чемпионатында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша жарыс өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы атаулы сайысты сағат 15:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді
11.03.2026, 17:37
Түркістан облысында бұқаралық спорт дамып келеді
11.03.2026, 17:35
Мина Сейітова атындағы студия ашылды
11.03.2026, 17:33
Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді
11.03.2026, 17:29
Жаңа Конституцияның жобасы – құқықтық жүйедегі жаңа кезең
11.03.2026, 17:27
Ақмолалық ұстаздар қауымы Конституция жобасын талқылады
11.03.2026, 17:25
Жаңа Конституция жобасы – жастардың болашағына құқықтық кепілдік
11.03.2026, 17:23
Жамбыл облысында алаяқ ерлі-зайыпты сотталды
11.03.2026, 17:20