Басты Жаңалықтар Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді

Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді

Елімізде 13-23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Науқанға сауда саласының 300 субъектісі қатысып, азық-түлік және тұрмыстық тауарларға 10-нан 70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынады. Тауарлар арнайы мерекелік безендіру және тақырыптық белгілермен көрсетіледі. Бастама аясында қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне ерекше басымдық берілмек. Мерекелік шара аясында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық байқауы да өтеді. Қатысушылар заманауи безендіру, цифрлық құттықтау, жасанды интеллект қолдану және креативті digital-жобалар бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты — мерекелік сауданы жандандырып, отандық өнімдерді насихаттау және тұрғындарға Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын сезіндіру.


Бөлісу