Жаңа Конституция жобасы – жастардың болашағына құқықтық кепілдік
Жаңа Конституция – тек саяси реформа емес, жастардың болашағына арналған құқықтық кепілдік. Бұл туралы бүгін «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбындағы сарапшылар платформасында айтылды. Білім алуға, еркін ой айтуға, өзін дамытуға мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыру осы құжаттан басталады. Себебі жаңарған Ата заң жас буынның заң аясында қауіпсіз әрі жарқын өмір сүруіне жол ашады дейді мамандар. Жиында Парламент депутаттары, саясаттанушылар, ғалымдар, журналистер мен қоғам қайраткерлері жаңа Конституция жобасын негізгі бағыттарын саралап, қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа қатынастардың мазмұны туралы пікір алмасты.
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:
Жаңа Конституция жобасы жас буын үшін өте маңызды. Себебі бүгін қабылданған заңдар олардың болашағына тікелей әсер етеді. Жаңа жоба жастарға білім беру, ғылымды дамыту және өздерінің адам құқықтарын толық жүзеге асыру салаларында өте көп мүмкіндік пен кепілдік береді. Сондықтан менің ойымша, жастар қазірден бастап елді басқаруға үйреніп, мемлекеттің тағдырына бейжай қарамай, оны өз қолына алуға талпынуы керек. Ол үшін референдумға қатысып, өздері ең дұрыс деп санайтын шешімді қабылдауы маңызды.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05