Жамбыл облысында алаяқ ерлі-зайыпты сотталды
Жамбыл облысында WhatsApp мессенджері арқылы ыдыс-аяқ сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты. Олар тұрғындардан 51 млн теңгеден астам сомаға тапсырыс қабылдап, өз міндеттерін орындамаған. Олар кәсіптің бұл түрін 2024 жылдың желтоқсанында бастайды. Әуелі әлеуметтік желі арқылы таныстарына тұрмыстық тауарларды төмен бағада сатамыз деп хабарландыру жіберген. Сөйтіп сенімге кіріп, бастапқыда тұрғындар тапсырысын орындайды. Кейін сұраныс артқанда елдің қаржысын алып, хабарсыз кеткен. Салдарынан 112 адам зардап шекті. Олар отбасылы жұптарға 51 млн 300 мың теңге аударған. Байзақ аудандық соты алаяқтықпен айналысқан күйеуіне 2 жыл 8 айға жаза кесіп, әйелін 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16