Астанада «Нұр сәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Нұр сәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші өтеді

27.03.2015
Астанада «Нұр сәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші өтеді

29 наурыз күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Нұр сәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші өтеді. Осы шараға орай бүгін таңғы бағдарламада ансамбльдің көркемдік жетекшісі Меруерт Жараспаева және бишілер Назерке Әбдіғалиева, Әйгерім Тоғызбаева қонақта болды.

«Біз жыл сайын есеп беру кешін ұйымдастырып отырамыз. Бірақ, биылғы кештің айырмашылығы сол, бұл жолы вокалдық студиямыздың тұсауын кесеміз»,-дейді ансамбль жетекшісі.

«Біздің негізгі бағытымыз – халық билері. Балалар биге үш жастан бастап қатысады. Кішкентай топ бишілері және модерн топ бар. Дәл осы модерн топпен Ресейде тәжірибеден өтіп тұрамыз. Шығармашылық кеште бар білетін өнерімізді ортаға салмақпыз».

«Сахнада жүрген 13 жыл ішіндегі ең ірі жеңісіміз – «Айгөлек» байқауынан бас жүлдені жеңіп алдық. Сондай-ақ, Елшіліктің шақыртуымен Литва мемлекетінде өткен шараға «Нұр сәулем-ай» ансамблі барып қайтты»,-дейді Меруерт Жараспаева.

Хабарламаларға жазылу