1 желтоқсан Қазақстан республикасы Тұңғыш президенті күніне орай айналымға 20 мың теңгелік банкнот шығады. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында ақпарарт жарияланды.
Бұл банкнот 2013 жылы дайындалған. Басқа ақша белгілерімен қатар айналысқа шыққан кезеңнен бастап ол заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті. Банкноттардың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағының басым бейнелері тігінен, ал сырт жағында көлденең орналасқан. 20 000 теңгелік банкноттың мөлшері: 155х79 мм.
Жаңа банкнот Қазақстан теңгесінің ең қорғалған ақша белгісі, сондай-ақ әлемдегі ең қорғалған банкноттардың бірі болып табылады. Қорғау үшін қолдан жасаудан қорғау индустриясындағы соңғы инновациялар, жалған ақша жасаушыларға қарсы іс-қимылдың жаңартылған әрі күшейтілген классикалық тәсілдері пайдаланылды. Бет жағындағы негізгі қорғаныш элементтер: банкноттың екі жағынан жарыққа тосып қарағанда көрінетін
самұрық мифтік құсы түріндегі композиттік жетілдірілген сутамғы белгісі және мөлдір орын түріндегі құс пішіні. Дизайнының түпнұсқалылығын тексеруді жеңілдететін түс ауыстыру элементтері пырақ, мөлдір орында көрінетін қазақтың ою-өрнегі және түс ауыстыратын қорғаныш үзік-үзік жіп түрінде орналасқан.
Көзі нашар көретін адамдар үшін банкноттың оң жағында шетінде саусақпен ажыратуға болатын жеті жоғары бедерлі үш бұрыш басылған. Банкноттың сырт жағында бірқатар қорғаныш элементі бар: сутамғы белгісі, түс ауыстыру бояумен басылған ою-өрнек элементі бар мөлдір орын, жарыққа тосып қараған кезде бет жағындағы бөліктермен біртұтас суретті құрайтын қосарланған бейненің бөліктері. Банкноттың төменгі сол жақ бұрышындағы номиналы да көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін ауыстырады.

Kaznews.kaztrk.kz