Ұлттық арнада – «Сұлтан Бейбарыс» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Сұлтан Бейбарыс»

21.03.2015
Ұлттық арнада – «Сұлтан Бейбарыс»

Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға.

Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекетімен қарым-қатынас орнатты. Бейбарыс сұлтан сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, медреселер мен емханалар, биік қорғандар мен қамалдар салдырды.

Олардың бірқатары бүгінге дейін сақталған. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған сұлтан кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп,  қамқорлығына алып отырған. 

Шығыс аңызына сүйенсек, осы кезде Бейбарыс сұлтан патша тағын тастап, бір заманда жаулаушыларға қарсы, қыпшақ даласына бет түзейді.

Нұрмұхан Жантөрин, Дәулет Бейсенов, Болот Бейшенәлиев, Кеңес Қожабеков сынды майталман тұлғалар түскен режиссер Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін бүгін 00.20-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу