«Сұлтан Бейбарыстың» 3-бөлімін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сұлтан Бейбарыстың» 3-бөлімін көріңіз

06.11.2014
«Сұлтан Бейбарыстың» 3-бөлімін көріңіз

Ұлты араб болмаса да, Сұлтан Бейбарысқа деген араб халқының махаббаты шексіз болған. Осының дәлелі ретінде олар Сұлтан Бейбарысты Египеттің перғауындарына теңестіріп, қыпшақ текті сұлтанның құрметіне атақты Хеопс пирамидасының төбесіне киіз үй орнатқан.

Бұл деректі Мәскеу қаласында өткен «Кадырбаевские чтения – 2007» атты халықаралық ғылыми конференцияда ғалым Лев Галкин жария еткен.

Осыған қарап, Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Трипольскийдің: «Байбарыс жауынгер ретінде Юлий Цезарьмен терезесі тең тұра алады», деп берген бағасының әділ екенін бағамдауға болады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.30-да «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 3-бөлімін тамашалай аласыздар. Ал, телехикаяның өткен бөлімдерін мұрағаттан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу