«Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 5-бөлімі - Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 5-бөлімі - Ұлттық арнада

10.11.2014
«Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 5-бөлімі - Ұлттық арнада

Тарихшылардың дерегінше, Бейбарыс  сұлтан  тағына  отырысымен  әр  шаһардың  қорғанысын  нығайтып,  қамал  мұнара, жол  бойына, бекет  айлақтарға    шырақ  салдырады. Әр  қалада  тұрақты  әскер    ұстайды.

«Тәртіпті  нығайтып, ұры-қары, қарақшыны  жойды.   Шөлейтке  арна  қаздырып, құбыр  тартқызды.  Сарай  ішіндегі  алауыздықты  жойды.  

Әлемнің  түкпір-түкпірінен  ағылған  көпестерге есік  ашты.  Өзендерге  көпір  салдырып,   әр  шаһарға  мешіт  орнатты». 

Бүгін 19.30-да «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 5-бөлімін көріңіз. Ал, өткен бөлімдері мұрағатта.

Хабарламаларға жазылу