«Сұлтан Бейбарыс» көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сұлтан Бейбарыс» көрерменге жол тартады

04.11.2014
«Сұлтан Бейбарыс» көрерменге жол тартады

Тақтан бас тартып, туған өлкесіне қайтып келген Мысыр патшасы – Сұлтан Бейбарыс  Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны. 

Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға.

Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекетімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, медреселермен емханалар, биік қорғандар мен қамалдар салдырды.

Олардың бірқатары бүгінге дейін сақталған. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған сұлтан кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп,  қамқорлығына алып отырған.

Ұлттық арнада қазақтың ұлы тұлғаларына арналған тарихи туындылардың жалғасы 30 бөлімнен тұратын «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясы бүгін Ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартпақ. Тағылымы мол тарихи дастанды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19.30-да тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу