Нұртөре Жүсіп: Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнда өткізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртөре Жүсіп: Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнда өткізу керек

03.03.2022

Мысырдың ұлы билеушісі Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнда өткізу керек. Сенатор Нұртөре Жүсіп вице-премьер Ералы Тоғжановқа осындай сауал жолдады. Депутат тарихи тұлғаның мешітін қалпына келтіру жұмыстарын екі ел бірге қаржыландырғанын атап өтті. Жоба 10 жыл бұрын аяқталуы тиіс еді. Бірақ, араб елдеріндегі саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты кейінге қалдырылды. Енді жаңғыртуға қосымша 2 млн АҚШ долларын бөлмек. Ал біз «Сұлтан Бейбарыс» фильмін араб және ағылшын тіліне аударып, Мысырда көрсету керек. Шетелдіктерге арналған тарих оқулығына Бейбарыс бастаған қыпшақ сұлтандары туралы деректерді қосу да маңызды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Египет елінің Бейбарыс сұлтан туралы 30 сериялық киносын қазақ тіліне аударып, халыққа таныстыруды, жазушы-драматург Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» пьесасын Мысыр сахнасына қоюды, Мәмлүктер кезеңінде жазылған, қазақ тарихы үшін маңызы зор араб және қыпшақ ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аударып, кітап етіп шығаруды сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу