Бүгін – «Сұлтан Бейбарыстың» 10-бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Сұлтан Бейбарыстың» 10-бөлімі

17.11.2014
Бүгін – «Сұлтан Бейбарыстың» 10-бөлімі

Бейбарыс сұлтан өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Египеттегі халықаралық тілдің бірі қыпшақ тілі болған. Алдыңғы Азиядағы араб тілінен кейін қыпшақ тілі дипломатиялық деңгейге көтерілген. 

Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі оқиға – «кресшілер жорығы» мен «моңғол басқыншылығына» тойтарыс берді.

Бейбарыс сұлтан көзі тірісінде-ақ, «Діннің тірегі», «Жеңіс әкесі» атанған. Ислам дінінің қорғаушысы болған. Жалпы, Бейбарыс сұлтанның адамзат өркениетіне сіңірген еңбегі орасан зор.

Жат жерде жүрсе де, өзінің ақылдылығымен, қайсарлығымен, ержүректілігімен құлдықтан сұлтандыққа дейін көтерілген, туған жеріне, еліне деген сағынышын өмір бойы жүрегінде әлдилеп өткен ұлы тұлға.

Бүгін 19.30-да Ұлттық арнадан «Бейбарыс Сұлтан» телехикаясының 10-бөлімін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу