Талдықорғанда Наурыз мерекесіне орай 52 соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Наурыз мерекесіне орай 52 соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды

19.03.2015
Талдықорғанда Наурыз мерекесіне орай 52 соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды

«Бүгінгі күні Алматы облысында тұрып жатқан 355 соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау жұмыстары көрсетілуде. Наурыз мерекесіне орай, сіздерге облыс орталығы Талдықорған қаласынан 52 пәтердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Осындай баспанамен облысымыздың барлық аудандары мен қалаларындағы соғыс ардагерлері де қамтылатын болады. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз», - деп қорытындылады Амандық Баталов.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес бізге деген құрмет пен жақсылықтарың үшін мен шын жүрегімнен осында отырған барлық ардагерлердің атынан рахмет айтамын. Бүгінгі ұрпақ бақытты кезеңде өмір сүріп жатыр. Осы бейбіт кезең әрдайым ұзағынан болсын», - деді ардагер Қанай Сүлейменов.

Хабарламаларға жазылу