Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді

15.04.2016
Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді
Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді

Ерден жеңіс, елден жеміс. Елімізде ардагерлерге құрмет пен қамқорлық көрсетуге негізделген түрлі шаралар жиі ұйымдастырылады. Солардың қатарын бүгін астаналық теміржолшылар сабақтады. Олар екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Жүнісбек Кәрімовтың шаңырағына барып, сыйларын тарту етті.

Қарт майдангерге «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер беретін жаңа дисконттық карта табысталды. Мұндай карта ардагерлерге алғаш рет берілді. Соңғысы да емес. Оның көмегімен билет құны 99 пайызға арзан түседі. Ал, ардагер болса берілген сыйлыққа емес, бөлінген көңілге разы. Айта кетейік, Жүнісбек Кәрімұлы 1944 жылы 18 жасында майданға аттанып, Берлин шайқасына қатысқан. Сұрапыл соғыстан кейін 47 жыл теміржолда еңбек етіпті.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу