Жас отбасыларға пәтер кілті табысталды

21.03.2014
Жас отбасыларға пәтер кілті табысталды

Наурыз тойы басталды елде бүгін, даламызды әлдилеп, тербеді үнің. Наурыз - ырыс, берекеге толы мейрам. Самарқанның көк тасы еріп, адамдардың бойына қайырымдылық нұры құйылатын шақ.

 
Мерекеде Екібастұз қаласында пәтер кезегінде тұрған, ата-анасыз өскен жастарға 26 пәтердің кілті табыс етілді.
 
Мұндай қоныс тойы Павлодар қаласында да өтті. Шаһардың қақ ортасында тоғыз қабатты тұрғын үй тапсырылды. Бұл нысан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушыларға арналып салынған. 
 
Егін салып, мал өсіруге қолайсыз, болашағы жоқ ауылдық жерлерден келіп, қаладан тұрақты жұмыс тапқан 143 отбасы баспаналы болды.
 
Солардың бірі - Майгүл Иманқұлова. Ол қысқа курстық дайындықтан өтіп, сауда орталығына жұмысқа орналасты. 
 
Майгүл Иманқұлова, жаңа пәтер иесі:
Менде үш мереке. Кеше ұлымның туған күні, бес жасқа толды. Бүгін пәтердің кілтін алдым. Ертең Наурыз  - тойы. Осыдан артық бақыт бар ма? Мемлекетке рахмет! 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу