Баспанаға мұқтаж 45 отбасы қуанышқа кенелді

21.03.2014
Баспанаға мұқтаж 45 отбасы қуанышқа кенелді

Наурыз мерекесіне орай Көкшетау қаласында баспанаға мұқтаж 45 отбасы қуанышқа кенелді. Оларға «Сарыарқа» шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды.

 
Үйлі болғандардың басым көпшілігі - талай жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар. Сондай-ақ, жаңа үйге қоныстанғандардың қатарында жетімдер мен Ауған соғысының ардагерлері де бар. 
 
Айта кету керек, Көкшетауда көп қабатты тұрғын үй салу соңғы екі жылда қарқынды жүргізілуде. Жыл аяғына дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тағы 80 жас отбасыға пәтер кілттері табысталмақшы.
 
Жәнібек Есдәулетов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Жеті жыл кезекте тұрдық. Көп күттік. Жаңа пәтер өзімізге ұнады. Үкіметке көп рахмет!
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу