«Театр көктемі» фестиваліне биыл – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Театр көктемі» фестиваліне биыл – 20 жыл

18.03.2015
«Театр көктемі» фестиваліне биыл – 20 жыл

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Театр көктемі» фестиваліне биыл – 20 жыл. Қызығынан қиындығы мол сахна өнеріне өмірін арнаған жандардың еңбегін бағалауға арналған шара 1995 жылы қолға алынған.

«Бұл фестивальдің бір кереметтігі – актердің дайындығы, өзін-өзі қамшылағаны. Бұл фестиваль әр актерға стимул береді»,-дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожа.

Ал, актер Дулыға Ақмолда: «Бұл тек актерлер үшін ғана емес, көрермен үшін де үлкен мереке. Актер үшін – бұл үлкен жетістік. Сыншылардың бағасын алу, театр тарапынан не жетпей жатыр, деген мәселелер қаралады мұнда»,-дейді.

Фестиваль шымылдығы «Жүз жылдық махаббат» драмасымен ашылды. Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы туындыдағы басты кейіпкерді актер Алмас Шаяхмет сомдайды.

«Алашым деп өткен біртуар азамат екенін көрсету  үшін «Жүз жылдық махаббат» спектаклінде  Мағжан атамызды лирика жағынан алуға тырыстым»,-дейді актер.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу