«Бейбарыс сұлтан» спектаклі ағылшын тілінде қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейбарыс сұлтан» спектаклі ағылшын тілінде қойылды

26.09.2014
«Бейбарыс сұлтан» спектаклі ағылшын тілінде қойылды

М.Әуезов театры Беларусь мемлекетінің Брест қаласында өткен «Белая Вежа – 2014» XIX Халықаралық театр фестиваліне қатысты. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Фестивальде театр Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» қойылымын алғаш рет ағылшын тілінде Еуропа көрермендеріне ұсынылды.

Театр актерлері ұлттық тарихи қойылымды алғаш рет ағылшын тілінде дайындап Еуропа көрермендеріне ұсынды.

Халықаралық театр фестиваліне 13 мемлекеттен 25 театр қатысып, 28 спектакль бақ сынады.

Фестиваль қорытындысы бойынша режиссер Эймунтас Някрошюсаның «Иова кітабы» атты қойылымы жеңімпаз атанып Гран-приды иеленді.

 

Хабарламаларға жазылу