Алматыда «Театр көктемі – 2015» фестивалі басталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Театр көктемі – 2015» фестивалі басталды (ФОТО)

16.03.2015
Алматыда «Театр көктемі – 2015» фестивалі басталды (ФОТО)

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынында «Театр көктемі – 2015» фестивалі басталды.

Театр ұжымының бір жылғы еңбегінің қортындысын шығарып, көрерменге ұсынуды  басты мақсат еткен фестиваль  биыл 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.  

Театр өнерін зерттеушілер,  мәдениетанушылар мен  драматургтер,  режиссерлер құрамына енетін Қазылар алқасы биылғы «Театр көктемі – 2015» фестивалінде: «Жүз жылдық махаббат»  екі бөлімді драма (Дулат Исабеков), «Дон Сезар де Базан» комедия (Ф.Дюмануар мен А.Д*Эннери), «Отелло» үш бөлімді трагедия (У. Шекспир, аударған М.Әуезов), «Қорқыттың көрі»  аңыз дастан (авторы  Иран – Ғайып), «Шыны хайуанат»   (авторы Томас Линар Уильямс) бес  спектакль талқыланбақ.

Жүлдегерлер фестивальдің арнайы дипломымен және сыйкәделерімен марапатталады.

 

Хабарламаларға жазылу