«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын ашады

20.09.2015
«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын ашады

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 қазанда ХХV мерейтойлық жаңа маусымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

ХХV жаңа маусым шымылдығын Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясында М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашылады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. Жаңа маусымда театр М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесі бойынша жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» шығармасының премьерасын ұсынбақ.

Сол секілді театр ұжымы 2015 жылдың 21-26 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өтетін Қазақстан драма театрларының XXIII республикалық фестиваліне қатысады. Театрлар фестивалінде Астана, Ақмола, Қарағанды, Семей, Батыс Қазақстанның театрлары  қойылымдарын ұсынады.

24 қыркүйек күні, сағат 18:00-де «қаллекиліктер» В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен фестиваль шымылдығын жабады. Спектакль режиссері – ҚР Халық әртісі Талғат Теменов.

Және де Атырау қаласында қазан айының 20-26 аралығында өтетін драматург, жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы Театр фестиваліне автордың «Нашақор новелласы» атты шығармасының желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық драмасымен қатысады.

 

Хабарламаларға жазылу