Тілдерді дамыту басқармасы бүгін Астанадағы Қаллеки театрының алдында Наурыз тойын ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілдерді дамыту басқармасы бүгін Астанадағы Қаллеки театрының алдында Наурыз тойын ұйымдастырады

16.03.2015
Тілдерді дамыту басқармасы бүгін Астанадағы Қаллеки театрының алдында Наурыз тойын ұйымдастырады

Бүгін Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Наурыз мейрамына орай шара басталады.

Осыған орай түрік этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әскер Пириев және Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

 «Шараның негізгі мақсаты – Наурыз мейрамының Астанаға келгенін халыққа паш ету. Театр алдына киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, халыққа наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылады. Сондай-ақ, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ. Шара аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс болады»,-дейді Ержан Еңсебаев.

«Бұл шара Тілдерді дамыту басқармасының дәстүрлі түрде ұйымдастыратын шараларының бірі. Алайда, бұл жолы шара бұрынғыға қарағанда  сәл өзгерек болмақ. Өзгешелігі – жылдың маңыздылығы. 2015 жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблея жылы,  Конституциямыздың 20 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды жайттарға толы жыл.

Тілдер басқармасы тек Наурыз ғана емес, басқа да мерекелерге үлес қосып келеді. Наурыз біздің этномәдени орталық үшін маңызды мейрам. Бұл – бізді бір-біріміздің бірлігімізді арттыратын мейрам. Орталық жыл сайын Наурыз мейрамының құрметіне түрлі шара ұйымдастырады»,-дейді Әскер Пириев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу