Асқар Мырзахметов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мырзахметов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қабылдады

14.03.2015
Асқар Мырзахметов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қабылдады

«Astana Arlans» пен польшалық «Rafaco Hussard Poland» бокс клубтарының жекпе-жек өткізуіне байланысты Шымкентке келген бокстан Олимпиада чемпионы, кәсіби бокс клубының бас директоры Серік Сәпиевті облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қабылдады.

Асқар Исабекұлы спорт сүйер қауым үшін маңызды кездесудің Шымкентте ұйымдастырылуы қуанышты жағдай деп бағалап, оны ұйымдастыруға атсалысқан кәсіби бокс клубына алғысын білдірді. Шымкент Елбасының қолдауымен еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесіне талпынып отырған қала екенін айта отырып, өңір басшысы осы бағытта шаһарда соңғы жылдары көптеген заманауи мәдени және спорт кешендері салынғанына көңіл бөлді.

Өңір басшысының қабылдауында болған Серік Сәпиев оңтүстікқазақстандық талай спортшы әлемдік додаларда топ жарып, ел намысын асқақтатып жүргенін алға тартып, спортқа деген жанашырлығы үшін Асқар Исабекұлына алғыс айтты. Польшалық боксшылармен өтетін екі матчтық кездесуде спортшыларымыз ел үмітін ақтап, жеңіс тұғырынан көрінетініне сендірді.

Хабарламаларға жазылу