«Астана арландарының» бас жаттықтырушысы – Марат Жәкиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландарының» бас жаттықтырушысы – Марат Жәкиев

19.11.2014
«Астана арландарының» бас жаттықтырушысы – Марат Жәкиев

«Астана арландары» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Марат Жәкиев тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. 

Марат Исағалиұлы 1968 жылы 12 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген, жоғары білімі бар.

1986 жылдың 12 мамырынан КСРО спорт шебері, бокстан КСРО құрамасының мүшесі. Бокспен 1980-1997 жылдар аралығында айналысқан. 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Е.Жаңабергеновтың, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ә. Ниязымбетовтің жаттықтырушысы.

Клубтың қамқорлық кеңесінің шешімімен «Астана арландарының» бас директоры болып, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сәпиев тағайындалды. Серік Жұманғалиұлы өз қызметіне ағымдағы жылдың соңында, Англиядағы оқуын аяқтағаннан кейін кіріседі.

Еске сала кетейік, клубтың бұрынғы бас директоры Б.Манкенов пен бас жаттықтырушы С.Корчинский 2014 жылдың қараша айының басында өз еріктерімен отставкаға кетуге өтініш білдірген болатын. 

Фото: sports.kz

Хабарламаларға жазылу