Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты атанды

28.02.2017
2016 жылы өткен саяси науқанда Серік Сәпиев «Нұр Отан» партиясы атынан сайлауға түскен болатын. Күні кеше сол партияның Саяси кеңесінің бюросында Мәжілістегі босаған орынға Серік Сәпиевті тіркеу туралы шешім қабылданды.

Ол бұған дейін бірнеше шақырылымда депутат болған Мұхтар Тінікеевтің орнына барады. Бүгін орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев бекіген қаулыға сәйкес, Серік Сәпиевке тиісті үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні салтанатты түрде тапсырды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу