«Мәдениет» журналының 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәдениет» журналының 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыз

14.03.2015
«Мәдениет» журналының 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыз

Мәдениетсіз адам болса да, мәдениетсіз ел болмайды. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын, ұлтымыздың терең тарихымен қоса өрілген сол көне мәдениетімізден бастап, оның жетістігі мен кемшін тұстары, жалпы бүгінгі хал-ахуалы қалың оқырмандардың назарынан тыс қалмауы керек.

«Мәдениет» журналы да қазақ мәдениетінің барлық саласын – кино, театр, сурет, сәулет, музыка, археология, көрермен мәдениеті, қолөнер, қысқасы, саясат мәдениетінен бастап тұрмыстық мәдениет аралығындағы мәселелерге дейін проблемалы мақалалар жариялап келеді.

«Мәдениет» журналы – шыға бастаған он жыл ішінде республикаға белгілі болып, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдардың біріне айналып отыр.

Журналдың 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған концертті бүгін Ұлттық арнадан сағат 18.50-де тамашалаңыз.

Хабарламаларға жазылу