«Жігіттер» ән салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жігіттер» ән салады

25.03.2014
«Жігіттер» ән салады
Көпшіліктің көзайымына айналған, «Жігіттер» квартетіне биыл - 10 жыл толды.
Осыған орай топ мүшелері шығармашылық кешін де өткізген болатын.

2003 жылы Шымкент қаласында бас қосқан әнші жігіттер сахнада өткізген осынау 10 жыл ішінде республикалық деңгейдегі бірқатар ән байқауларына қатысып, талай белестерді бағындырды. Квартет репертуарында бүгінде 10 бейнебаян, 70-ке жуық ән бар.
 
Бүгін Ұлттық арнадан 18.40-та «Жігіттер» квартетінің 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу