Астана аспанын Тәттімбеттің күйлері тербетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана аспанын Тәттімбеттің күйлері тербетеді

10.11.2015
Астана аспанын Тәттімбеттің күйлері тербетеді
Астана аспанын Тәттімбеттің күйлері тербетеді

Астанада қазақтың әргі-бергі тарихындағы Ұлы күйшілердің бірі Тәттімбеттің туғанына 200 жыл толуына орай салтанатты кеш өтеді.

Күйшіге арналған концертті Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Қарашаның 11 күні өтетін концертке күй өнерлерінің хас шеберлері қатыспақ. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» ғимаратында өтетін концерт шертпе күйдің атасы саналатын Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған шаралардың бірі. Мұндай концертті Алматы қаласында да өткізу жоспарланған.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу