Жанар Айжанованың концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Айжанованың концертін көріңіз

10.10.2015
Жанар Айжанованың концертін көріңіз

Әнші Жанар Айжанова осыдан 3-4 ай бұрын Астанадағы «Конгресс-холл» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихы тасқа жазылған» атты ән кешін берген еді. Аталмыш концертті Ұлттық арнадан бүгін сағат 20:05-те көріңіз.

Жанар Айжанова 1968 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тұмалыкөл ауылында туған. 1995 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген. 1991-2000 жылдар аралығында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында, «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамбльінде еңбек еткен.

Хабарламаларға жазылу