Семейде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді

04.09.2015
Семейде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді

Іс-шараның бастамашысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Аталған шараларға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 5-11 сынып оқушылары -  Абай оқуларының және жыршылар байқауының өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары  қатысады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер ел үшін...»  І республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы 9-10 қыркүйекте өтеді.

Байқаудың салтанатты ашылуы Семей қаласының Мәдениет үйінде өткізіледі. 

Ұлы ойшылдың 170 жылдығына арналған XVI Республикалық Абай оқулары 10-11 қыркүйекте өтеді. Абай оқуларының салтанатты ашылуы Абай ауданы орталығының   Мәдениет үйінде өтеді. 

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сертификаттармен, арнайы жүлделермен марапатталады.

Аталған іс-шаралар аясында оқушылар Абай ауданындағы тарихи орындармен,  М.Әуезовтың туған ауылындағы мұражай-үйімен, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйімен танысады. Олар үшін Еңлік-Кебектің ескерткішінде, Шілікті кезеңінде, Үңгіртаста театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу