Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

12.12.2015
Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

Бүгін  елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың  сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің  «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.

Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.

Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу