«Шамшырақ» тобы: Біздің табиғатымыз қазақи әуен, жұмсақ әндерге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шамшырақ» тобы: Біздің табиғатымыз қазақи әуен, жұмсақ әндерге келеді

12.03.2015
«Шамшырақ» тобы: Біздің табиғатымыз қазақи әуен, жұмсақ әндерге келеді

Шығармашылық жаңалықтарына тоқталған топ мүшелері: «Қазіргі таңда ән қоржынымызда 20-ға тарта ән бар. Жақында екінші бейнебаянымызды түсірдік. Біздің негізгі мақсатымыз – ескі әндерді халыққа жаңартып ұсыну. Біздің табиғатымыз қазақи әуен, жұмсақ әндерге келеді»,-дейді.

«Жаным бірге» атты альбомдары бар топ биыл тағы бір альбомды жарыққа шығармақ ниетте. «Алғашқы ән-жинаққа 13 ән енген еді. Басқа да көптеген әндеріміз қосылмай қалған. Сол әндерді халық сұрауда. Бұл жинаққа жаңа әндер енеді».

«Топ енді ғана танылып келе жатыр. Әлі де талай жұмыс істеу керек. Сынға келер болсақ, аса бір көңілімізді қалдыратын сын естіген жоқпыз. Әндеріміздің сапасына, сахнадағы тұрысымызға, жалпы, дуэт жөнінде айтылар пікірлер жағымды»,-дейді әншілер.

Сұхбаттың толық нұсқасын таңғы бағдарламадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу