«Астана» тобы: Басты ерекшелігіміз – патриоттық әндерге басымдық береміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» тобы: Басты ерекшелігіміз – патриоттық әндерге басымдық береміз

03.07.2015
«Астана» тобы: Басты ерекшелігіміз – патриоттық әндерге басымдық береміз

Құрылғанына бес айдай уақыт болған топ: «Бізде «Сарыарқа», «Бәйтерек» деген топтар бар. Бірақ, Елордамызға арналған топ жоқ екен.  Сондықтан, Астананың атын шығарсын деген ниетпен топтың атын  «Астана» қойдық»,-дейді.

«Басқа топтардан басты ерекшелігіміз – патриоттық әндерге басымдық береміз. Әдетте, топтардың әндері  белгілі бір тақырып аясында  ғана болып келеді. Біздің бағыт әр түрлі. Жастарға, достарға арналған, лирикалық, заманауи, дәстүрлі  әндер де бар»,-дейді Нартай Алтай.

«Үшеуіміздің ән айту мәнеріміз әртүрлі. Руслан әнді жастар тыңдайтындай заманауи түрде айтса, Құралай лирикалық бағытта, ал менікі көбіне дәстүрлі болып келеді. Үшеуін қосқан кезде ерекше шығады».

Сұхбаттың толық нұсқасын  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу