Кітапхана қызметкерлерінен құралған «Шамшырақ» тобы «Сүйгенім бол» әнін орындап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапхана қызметкерлерінен құралған «Шамшырақ» тобы «Сүйгенім бол» әнін орындап шықты

20.05.2017

Кітапхана қызметкерлерінен құралған «Шамшырақ» тобы «Ән салады мамандар» жобасында «Меломен» тобының «Сүйгенім бол» әнін орындап шықты. Топ тәлімгері - танымал әнші Қайрат Түнтеков.

«Топпен бірден тіл табысып, достасып кеттік. Менің ойымша, дайындықтары өте жақсы», - дейді әнші.
Алайда, қазылар алқасының топтың ән орындау шеберліктеріне көңілдері толмады. Дегенмен, сахналық қойылымдарын жоғары бағалады.

Айта кетейік, «Каспий әуендері», «Банк квинтеті» және «Шамшырақ» тобы өзара бақ сынасқан бағдарламада «Каспий әуендері» тобы жеңімпаз атанып, жартылай финалға жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу