Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары ерте жастан әжім түсудің себептерін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары ерте жастан әжім түсудің себептерін атады

21.12.2015
Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары ерте жастан әжім түсудің себептерін атады

Медицина мамандарының пікірінше, адамдар көп жағдайда өздеріне ыңғайлы матрас іздейді де, жастық таңдауда көп мән бере қоймайды.

«Адамның қандай жағдайда ұйықтауы оның денсаулығы мен сыртқы келбетіне әсер етеді», - дейді ғалымдар.

Мамандар қатты жастыққа жатқан жөн, деп есептейді. Себебі, жұмсақ  жастықтар бет терісінің өзгеруіне әсерін тигізуі мүмкін.

«Жұмсақ әрі құс жастықтарда жату ұйқы кезінде ағзаның қан айналымының бәсеңдеуіне алып келеді. Бұл ерте бастан терінің босаңсуына, ісінуге және әжім түсуіне себеп болады», - деп атап өтті ғалымдар.

Сондай-ақ, зерттеушілер құс жастыққа жатпаудың тағы бір себебін айтты: «Құс жастықтарда болатын шаң-тозаңдар аллергиялық реакциялар тудырады, ал, бұл түрлі ауруды қоздыруы мүмкін», деп жазады шетелдік БАҚ.

Хабарламаларға жазылу