Бибігүл Ысқақованың «Астана-Варшава» атты концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бибігүл Ысқақованың «Астана-Варшава» атты концерті өтеді

11.03.2015
Бибігүл Ысқақованың «Астана-Варшава» атты концерті өтеді

Шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен әнші: «Ассамблея жылына орай «Қазақ елі – достықтың мекені» деген ән жазылды. Композиторлары – Серікжан, Әліби Әбдінұровтар, ал, сөзін жазғандар – Ернұр Сейдахмет, Жібек Айдынбекова және Виктор Правдин. Ән екі тілде.

Тағы бір айта кетер жаңалық, жақында шығармашылық кеш ұйымдастырмақ ойым бар. Концерт «Астана-Варшава» деп аталады. Яғни, алғашқы кешті Астанада берсек, екінші кеш Варшавада өтеді»,-дейді.

Еуропада мәртебелі атаққа ие болған жалғыз қазақ әншісі  Бибігүл Ысқақова: «Бұл менің ғана емес, менің халқымды, Қазақстанымды сыйлап берген атақ деп білемін»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу