Бибігүл Төлегенованың «Сүю, үміттену және сену» атты гала-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бибігүл Төлегенованың «Сүю, үміттену және сену» атты гала-концерті өтеді

29.09.2014
Бибігүл Төлегенованың «Сүю, үміттену және сену» атты гала-концерті өтеді

Аты аңызға айналған әнші, Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдығына арналған бенефисі 30 қыркүйекте «Астана Опера» сахнасында өтеді.

Бағдарламада - қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспапты шағармалар. Гала концертте сондай-ақ мерейтой иесінің құрметіне белгілі қазақстандық опера әншілері, шәкірттері, оның дәстүрін жалғастырушылар, Бибігүл Төлегенова атындағы конкурс лауреаттары өнер көрсетеді. Сонымен қатар концертке «Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрі қатысады.

Сонымен қоса көрме ашылып, онда Б.Төлегенованың қойылымдарға және концерттерге киген костюмдері, жеке заттары, марапаттары қойылады. Көрмеде сонымен қатар әншінің өміріне және шығармашылығына арналған фотогалереяны тамашалауға болады.

Әртіс өзімен қатарлас қазақ опера әншілерінің ішінен жалғыз өзі ғана қалғанын айтады. «Биыл мерейтойым, сол себепті мен қазіргілер бенефис дейді, сол есеп беруге келуім керек болды. «Астана Опера» солистерінің жартысы менің конкурсымның лауреаттары, соның ішінде: Сүндет Байғожин, Әлфия Кәрімова, Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев және басқалары». Әнші, аталған концерттің бәрінен бұрын оның дауысын естігісі келетін тыңдармандарға арналатанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу