Алпамса денелі, періште мінезді, кеңпейілді жан - Тайлақ анасынан асқан ана Жер бетінде жоқ деп санайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өмірімен қоштастырғысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді.
Келін іздеу барысында ол, оған өзіне көңілін білдіре бастаған Нияздың отбасымен танысады. Дәл осы уақытта Тайлақ көрікті Айшамен танысады. Оқиға соңы қос тоймен аяқталады.
Әлімғазы Райымбеков, Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева, Бибігүл Төлегенова сынды өнер майталмандарының өнерін бүгін 00.55-те көре аласыздар.