«Сырғалымның» екінші маусымы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалымның» екінші маусымы эфирге шығады

03.03.2015
«Сырғалымның» екінші маусымы эфирге шығады

Өткен жылы «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасынан алғашқы маусымы көрсетілген «Сырғалымның» екінші маусымы көрерменге жол тартпақ. Отандық телехикаяның алғашқы маусымында отбасылық мәселелер, жастықпен жасалған қателіктер баяндалса, бұл жолы отбасылық өмір, мансап, билік, мақсатқа жету жолындағы түрлі оқиғалар ұсынылады.

Қазақы тәрбиесінен таймаған Сырғалым отбасылық өмірдің қиындықтарына шыдай алар ма екен? Ол қолында  тұрған бақты ұстап қала ала ма? Қызметтегі сәтсіздіктерді қалай еңсермек?

Бұл сауалдарға жауап алғыңыз келсе, бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де «Сырғалым» телехикаясын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу