Жақында «Сырғалымның» екінші маусымы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақында «Сырғалымның» екінші маусымы басталады

18.08.2014
Жақында «Сырғалымның» екінші маусымы басталады

Ұлттық арнаның тапсырысы бойынша қолға алынған «Сырғалым» туындысының жалғасы көрерменге жол тартпақ. Алғашқы маусымда телехикаяның 48 бөлімі көрсетілген.  Екінші маусым 32 бөлімнен тұрады.

«Сырғалымда» басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Махан: «Екінші маусымда бұрынғыдан да жақсы ойнауға тырыстық. Бір айта кетерлігі, телехикаяға  жаңа кейіпкерлер қосылып жатыр. Жалпы, біз бұл жерде кәсіби актерлермен бірге актерлық шеберлігімізді шыңдадық деп толық айта аламын»,-дейді.

Отандық туындының ұлттық бояуын жоғалтпай, көрерменге жетуі – ең алдымен сценарий авторларына жүктеледі. Мақсат – тіл тазалығын сақтау, анық сөйлеу. Телеарна басшылығының жоба авторларына қойған негізгі талабы да осы.

«Сырғалым» телехикаясының редакторы Айдос Жұқанұлы: «Біздегі мақсат – телеарна арқылы жастарды тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі жас кітап оқымайды. Тіл шұбарланып барады»,-дейді.

Телехикая кейіпкерлері туралы қызықты ақпаратты «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу