«Ұлттық шоудың» жаңа маусымы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық шоудың» жаңа маусымы эфирге шығады

13.05.2015
«Ұлттық шоудың» жаңа маусымы эфирге шығады

«Ұлттық шоу» - ұлттық өнерді қазіргі заман үлгісімен насихаттайтын тың форматтағы думанды хабар. Әзіл-қалжыңы, арнайы қойылған нөмірлері  бар эстрадалық ойын-сауық шоуы көрерменге әуезді әнімен қоса, әсерлі биін де ұсынуда.

17 мамырдан бастап «Ұлттық шоудың» жаңа маусымы эфирге шығады.  Жанды дауыс, ерекше қойылым мен тосынсыйлар, жұлдызды өмірдің қызықты сәттері, әзілі мен әні жарасқан шоуға Роза Рымбаева шақырады.

Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, театр және кино қайраткерлері қатысатын шоудың жаңа маусымдағы алғашқы хабарын 17 мамыр сағат 21:05-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу