Бүгін «Сырғалым» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Сырғалым» телехикаясы эфирге шығады

03.03.2015
Бүгін «Сырғалым» телехикаясы эфирге шығады

Бүгін Ұлттық арна эфирінен отандық «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады. Осыған орай «Таңшолпанда» телехикая актрисалары Әйгерім Айдар және Динара Абдуллина қонақта болды.

«Жазда біткен жұмыстың нәтижесін өзіміз де күтіп жүрміз. Көрермендер де қашан басталады, деп сұрап жатыр. Екінші маусым бұрынғыға қарағанда, қызығырақ болады деп сенеміз»,-дейді олар.

«Мен жағымсыз кейіпкерді сомдасам да, халықтың көзқарасы жақсы. Әлеуметтік желілерден тек жағымды пікірлерді оқимын. Кейіпкерім Дина екеуміздің мінезіміз ұқсайды деп айта алмаймын. Бірақ, өзінің мақсатына жетуде барын салатын қасиеті ұқсайды»,-дейді Әйгерім Айдар.

«Екінші маусым екі жарым, үш айдай уақытта түсірілді. Осы уақыт аралығында бір-бірімізге бауыр басып, бір отбасыдай болып кеттік».

Еске сала кетейік, «Сырғалымның» екінші маусымының алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу