«Сырғалым» келер аптада эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалым» келер аптада эфирге шығады

26.02.2015
«Сырғалым» келер аптада эфирге шығады

Ұлттық арна эфирінен көрсетілген отандық «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы жақында көрерменге жол тартады. Осыған орай «Таңшолпанда» «Сырғалым» телехикаясының кейіпкерлері – Жұлдыз Махан және Олжас Нұрбай қонақта болды.

«Телехикаяның екінші маусымының түсірілім жұмыстары тамыз айында аяқталған. Одан бергі уақытта монтаж жұмыстары жүргізіліп, енді келер аптаның басында эфирге шығады»,-дейді жағымды жаңалықпен бөліскен кейіпкерлер.

«Сырғалымның» бірінші маусымы төрт айдай түсірілді. Ал, 32 бөлімнен тұратын екінші маусым үш айдай уақытта түсірілді. Актерлермен бір-бірімізге бауыр басып та кеттік»,-дейді Сырғалымды сомдаған Жұлдыз Махан.

«Алғашқы маусымда отбасы, ондағы ахуал баяндалса, екінші маусым Сырғалымның және оның достарының қызметі, түрлі өзекті мәселелер мен оқиғаларды сипаттайды»,-дейді актер Олжас Нұрбай.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу