Голливуд. Қызыл кілем. Кино әлемі асыға күтетін Оскар сыйлығы биыл да үздіктерді анықтады. Кіл жүйріктің ішінен «Бердмэн» фильмі оза шығып, «Жылдың үздік кинокартинасы» аталымында жеңіске жетті. Режиссері – Алихандро Гонселес Иньярриту. Бұл аталымнан өзге «Үздік режиссер», «Үздік оператор» және «Үздік сценарий» де осы фильмнің еншісінде.
Кинотанушы Нәзира Рахманқызының айтуынша, бұл режиссердің алғашқы Оскары емес. «2007 жылы «Вавилон» деген тамаша фильмі «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» аталымдары бойынша Оскар сыйлығын иеленген. Оның алдында «21 грамм» деген фильмі де көптеген халықаралық фестивальдерде жүлделі болған. Жалпы, бұл режиссер өте батыл эксперимент жасайтын адам. Әлемдік кинематографияға, әлем киногерлері арасында өте танымал тұлға»,-дейді ол.
«Үздік фильм» аталымы бойынша сынға түскен барлық кинокартиналар бас жүлдеге лайықты болды. Бірақ, жеңімпаз – жалғыз. Алихандро Гонселестің туындысы несімен ерекшеленді?
«Киноның бір артықшылығы – бір камера арқылы түсірілген. Әдетте, кинода әр кадрды бөлек түсіріп, оны тағы монтаждайды. Әлемді тәнті еткен де осы болар»,-дейді Нәзира Рахманқызы.
Фильм не туралы? Айтар ойы қандай? Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.