Аймақтық қауіпсіздік тақырыбы талқыланды
Бурабайда Түркі мемлекеттері арнайы қызметтері конференциясының 28-отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның бейінді ведомство басшылары қатысты. Конференция жұмысына құрметті қонақ ретінде Тәжікстан, Түркіменстан және Мажарстан өкілдері де қосылды. Басты назар аймақтағы тұрақтылыққа әсер ететін қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге аударылды. Қатысушылар әлемдегі жағдайды бағалап, аймақтық қауіпсіздікті нығайту мен арнайы қызметтердің алдағы іс-қимылын қарастырды. Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар талқылау нәтижелерін бекітетін бірлескен құжатқа қол қойды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЕуроОдақ транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция бөлмек
17.09.2026, 10:09
Дропперлікке қатысты 11 іс сотқа жолданды
17.09.2026, 10:05
Мектепте самокат тепкен оқушы: Желіде тараған видеоның қазақстанға қатысы жоқ
17.09.2026, 10:05
Тақсай қорымының аумағы абаттандырылды
17.09.2026, 10:03
Ресейде аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі
17.09.2026, 10:02
АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 3 жылда алғаш рет өсті
17.09.2026, 10:01
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27