ЕуроОдақ транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция бөлмек
«Қарт құрлыққа төнетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Еуропалық қауіпсіздік кеңесін құру қажет». Еурокомиссия төрағасы Урсула Фон Дер Ляйен бүгін Страсбургте осындай ұсыныс жасады. Еуропарламент депутаттары алдында Одақтың болашағына қатысты баяндама жасаған Төраға қорғанысты, энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге басымдық беру қажеттігін айтты. ЕуроОдақ энергияның баламалы көздерін дамыту арқылы қазба отын импортына жұмсайтын шығынды жылына 260 млрд еуроға қысқартпақ. Комиссия төрағасы экономиканы, сыртқы шекараларды нығайту, Украинаны қолдау, климаттық өзгерістерге бейімделу, жасанды интелектіні дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті. Урсула Фон дер Ляйен маңызды шикізат бойынша еуропалық корпорация құру туралы ұсыныс жасады. Орта дәлізбен Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жүк тасымалдауды күшейту де өзекті мәселе. ЕуроОдақ осы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жетілдіруге күш салмақ.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:
Бүгін мен көлік байланысын дамыту бойынша жаңа халықаралық жобаның іске қосылғанын жариялаймын. Ол Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияны Еуропа нарығымен тікелей байланыстыратын «Орта дәліз» деп аталатын жоба. «Global Gateway» бастамасы аясында біз 12 миллиард еуроға дейін мемлекеттік және жеке инвестициялар тартуды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз - 2030 жылға қарай бағыттарды әртараптандыру, сауда көлемін үш есеге арттыру және жүк тасымалдау уақытын едәуір қысқарту.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аймақтық қауіпсіздік тақырыбы талқыланды
17.09.2026, 10:08
Дропперлікке қатысты 11 іс сотқа жолданды
17.09.2026, 10:05
Мектепте самокат тепкен оқушы: Желіде тараған видеоның қазақстанға қатысы жоқ
17.09.2026, 10:05
Тақсай қорымының аумағы абаттандырылды
17.09.2026, 10:03
Ресейде аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі
17.09.2026, 10:02
АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 3 жылда алғаш рет өсті
17.09.2026, 10:01
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27