Басты Жаңалықтар Дропперлікке қатысты 11 іс сотқа жолданды

Дропперлікке қатысты 11 іс сотқа жолданды

Атырау облысында дропперлік бойынша 45 дерек тіркеліп, 11 іс сотқа жолданды. Жалпы жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 120 қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген. Алаяқтар жалған интернет-дүкендерде тауар сату, алдау немесе фишингтік сілтемелер жіберіп, тұрғындардың жеке деректерін ұрлау арқылы арам ойын жүзеге асырған. Қазір интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты жауапты мамандар тұрғындарға сақ болуды ескертеді.

Дәурен Мұханбетәлиев, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

Өздерін банк қызметкері болып немесе ішкі істер органдары қызметкері болып, қоңырау шалатын алаяқтар бар. Олар ең алдымен СМС-код сұрап, осы азаматтардың атына несие рәсімдетіп алады. Әрі қарай ақша-қаражаттарын ортадағы дропперлер арқылы өздерінің криптовалют есепшоттарына аудартып жатады.
Бөлісу