«Бала асырап алғым келеді...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала асырап алғым келеді...»

25.02.2015
«Бала асырап алғым келеді...»

Бала асырап алу үрдісі қазақта ежелден бар. Нәрестелі бола алмаған ерлі-зайыптылар ата-анасымен ақылдаса отырып, баланы қайдан, кімнен асырап алатындықтарын шешеді. Мұндайда олар әдетте, баланы ет жақын туған-туыстарынан яғни, бір әулеттегі бауырларынан асырап алуға тырысады.

Бала асырап алған ата-ана ол сәбиге үлкен жауапкершілікпен қарауға, өгейсітпеуге тиісті. Әрине, бұған кез келген отбасы келісе бермейтіні бар. Өз баласын өзгеге туысы болғанның өзінде бере қоймайтындар көп. Сондықтан да, мұндай жағдайда балалар үйінен тастанды бейкүнә сәбилерді асырап алуға болады.

Сәбилер үйінен бала асырап алу оңай ма? Жетімдер үйіндегі жәудіркөздердің өмірге араласуына кедергі болатын қандай проблемалар бар?

Көпбалалы болуды армандайтын кейіпкер бала асырап алғысы келеді. Бірақ, оған күйеуі түбегейлі қарсы. Ол: «әулет адамдарының қаны бір болуы керек», - деп есептейді. Сіз не пікір айтасыз?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» мамандар кеңесін тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу